Қазақстандықтардың шетелдік шоттары туралы ақпарат салық органдарына беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Қазақстан азаматтарының шетелде кірісі мен банктік есепшоттары болса, онда сол мемлекет бізге ақпарат беретін болады.
Тиісті ақпаратты салық органдарына жолдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.
Салық заңнамасына ағымдағы жылдан бастап банктер ақшалай қаражат операциялары жөнінде ақпаратты жіберуі туралы өзгертулер енгізілді. Бұл тек резидент еместерге қатысты болмақ. Біздің осындай ақпарат алмасуды қажет ететін халықаралық міндеттемелеріміз бар. Бұл капиталды сыртқа шығаруға және халықаралық схемаларға қарсы әрекет етуге бағытталған. Егер Қазақстан азаматтарының шетелде кірісі мен банктік есепшоттары болса, онда сол мемлекет бізге ақпарат береді. Біз әрі қарай жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Мәселенің мәні осында, - деді комитет төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.Оның айтуынша, біздің елде тұрып жатқан шетелдіктердің Қазақстандағы шоттары туралы ақпарат тиісті елдерге де жіберілетін болады.
Сондай-ақ, мысалы, егер Америка азаматы осында жұмыс істесе, онда Қазақстан Американың уәкілетті органдарын хабардар етіп, ақпарат беруге тиіс.
Егер қазақстандық азамат Швейцарияда есептік шот ашып, онымен жұмыс істесе және табыс табатын болса, бұл ақпарат бізге беріледі. Содан кейін біз біз бұл қаражаттың декларацияланғанын, яғни жарияланғанын немесе жасырылғанын және оларға салық төленгенін немесе төленбегенін тексереміз, - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің ресми өкілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Туберкулезге шалдықпас үшін нені ескеру қажет?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы