Қазақстандықтардың 64 млн теңгеден астам өсімпұлдары есептен шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салықтық рақымшылық мүмкіндігін 31 338 азамат пайдаланып үлгерген. Олар 295,3 млн теңге салық төлеп, 64,1 млн өсімпұл есептен шығарылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ең белсенді өңір рейтингінде Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап отыр. Салықтық рақымшылықты 10 мыңнан аса елордалық пайдаланып үлгерген.Ал төленген берешек сомасы бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Оңтүстік мегаполис тұрғындары 75,6 млн теңге салық төледі. Бұл көрсеткіш бойынша алғаш үштікте Түркістан облысы (35,1 млн) және Алматы облысы (34,2 млн).
Есептен шығарылған өсімпұл көрсеткішінде Алматы алда келеді. Қала бойынша бұл сома 18,4 млн теңгеге жеткен. Жойылған өсіпұл көлемі 17,7 млн теңгені құрап отырған Нұр-Сұлтан қаласы екінші орында. Ал Маңғыстау облысында 4,5 млн теңге өсімпұл есептен шығарылған.
Сонымен қатар, Қостанай облысының тұрғыны көлік салығы бойынша 1,4 млн теңге көлемінде негізгі берешек сомасын өтеп, 1,07 млн теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылды.
Мүлік салығы бойынша жинақталған 1,2 млн теңге берешекті Алматы тұрғыны өтеген. Есептелген өсімпұл – 429 мың теңге. Ақтөбе облысында жер салығы бойынша берешегі бар азамат 51 мың теңге салық төлеп, 43 мың теңге өсімпұлдан босатылды.
Айта кетейік, салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады.
Болжам бойынша, 2020 жылы салық рақымшылықты шамамен 1,2 млн азамат пайдаланады, яғни бюджетке 12,7 млрд теңге төленеді, есептен шығарылатын өсімпұл сомасы – 4,3 млрд теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда 47 ойын терминалының иесі сотталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы