Қазақстандықтар жаңа автокөлік сатып алуға 500 млрд теңге жұмсаған

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөлік саудасына 496,6 млрд теңге жұмсаған. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 35,8% жоғары. Осы жөнінде "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағында хабарлады.

Одақ мәліметі бойынша, 2018 жылы ресми делдалдар 57,9 мың автомобиль сатқан. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 24,9% артық. Жалпы, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша, сатылған автокөліктердің 29 612 (51,1%) импорттың үлесінде болса, 28 307 (48,9%) сатып алушы қазақстандық автозауыттардың өнімін таңдаған.

Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында Lada маркасының автокөліктері жоғары сұранысқа ие (13 413 авто). Одан кейінгі орында Toyota тұр - 12 278 бірлік. Үшінші орында Hyundai – 8721. Үздік бестікті KIA (2862) мен GAZ (2650) тұйықтап отыр.

Көбіне Алматы (15 524 бірлік), Астана (10 438) және Атырау (4 285) қалаларында сатып алу жүзеге асырылған. 2018 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша сату (5452 бірлік) алдыңғы жылдағы мәннен 16,5% жоғары болған. Құн көрінісіндегі нарық көлемі ай қорытындысы бойынша 47,4 млрд теңгеге жетіп, 2017 жылғы көрсеткіштен 19,4% артық болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы