Қазақстандықтар тест арқылы COVID-19 жұқтыру ықтималдығын анықтай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйде COVID-19 жұқтыру ықтималдығын бағалаңыз. Мұндай мүмкіндікті Назарбаев Университетінің түлектері жасаған «ақылды» тест арқылы көруге болады.
Тест сұрақтар мен жауап нұсқалары бар сауалнама түрінде ұсынылған. Тесттің жұмыс істеу принципі нейрондық желіге - жасанды интеллект технологиясына негізделген. Нейрожелі COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығын ондағы COVID -19 негізгі белгілері, тәуекел топтары және ҚР ДСМ ресми хаттамалары туралы бағдарламаланған ақпаратты ескере отырып анықтайды. Әзірлеушілер тест нәтижелері нақты диагнозды бермейді және медициналық қорытынды емес деп ескертеді. Алайда, олардың арқасында, енді қазақстандықтардың COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығына қатысты өз денсаулығының жай-күйін өз бетінше талдауға мүмкіндігі бар.
Үш ай бойы команда сауалнама сайтының интерфейсі мен функционалдығы бойынша мұқият жұмыс істеді. Жоба менторы - кәсіпкер Сейітжан Сыпабеков, медицина академиясының түлегі және DBA EU Business School (Швейцария) іскерлік әкімшілендіру докторы. Команданың басқа екі қатысушысы, Юсуп Тумгоев және Аманжол Шунгеев, Nazarbayev University (ИЦҒМ) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің бакалавриат бағдарламаларының түлектері. Қазір екеуі де НУ магистратурасында, Юсуп Data Science саласында, ал Аманжол Медицина мектебінде Sport Medicine and Rehabilitation саласында оқуын жалғастыруда.
Біздің командада Сейітжан кәсіби медициналық қолдауды қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз - тестті әзірлеу, оның медициналық құрамдас бөлігі үшін Аманжол жауапты, ал мен техникалық аспектілерге жауап беремін, - дейді Юсуп Тумгоев.
Тегін және қарапайым тест тапсыру үшін covistop.asia/covid-test сайтына өту керк. Жауап беру үшін 5 минут жеткілікті. Тест нәтижелеріне байланысты респондент одан әрі ұсынымдар алады. Қазір тест ақпараттық сипатта жұмыс істейді, болашақта әзірлеушілер медициналық мекемелер мен COVID -19 жөніндегі жедел желілердің байланыс деректерін, сондай-ақ вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары әрекеттер алгоритмін қосуды жоспарлап отыр.
Тест Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы (ҰҒКО) мамандарының модерациялауынан өтті. Тест нәтижелері кез келген ақпараттық жүйеге, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялануы мүмкін. Деректер көбінесе дербестендірілген сипатқа ие. Бізді қолдағандардың барлығына және COVID-19 жұқтырудың ең асқынған жағдайлары бар пациенттерді емдеумен айналысқан мамандарға алғыс айтамыз, - дейді Юсуп Тумгоев.Тест әлеуметтік коммерциялық емес жоба екенін атап өткен жөн. Тестіден өту және нәтижелерді алу мүлдем тегін. Болашақта әзірлеушілер тест нәтижелерінің дәлдігін арттыруды жоспарлап отыр және жасанды нейрондық желіні пайдаланудан басқа, машиналық оқуды да қосқысы келеді.