Қазақстандықтар Президент әкімшілігіне көбіне жергілікті органдардың жұмысы бойынша жүгінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауы кезекті азаматтарды қабылдау күнін өткізді. Бұл туралы Қоғамдық қабылдаудың Telegram каналында жазылды. 

Сонымен, жұмысшы топ 71 адамды қабылдады. Бүгінде өңірлер бойынша қаралған өтініштердің саны жөнінен Нұр-Сұлтан алда келе жатыр. Елордадан 36 өтініш келген. Алматы қаласынан 9 өтініштен, ал қалған облыстардан 1-3 өтініштен түскен. 

Сонымен қатар, адамдар көбінесе жергілікті атқарушы органдардың (27), сот қызметінің (16), құқық қорғау органдарының және Еңбек министрлігінің (7-ден), сондай-ақ, Ұлттық банктің, Денсаулық сақтау және әділет министрліктерінің (7-ден) жұмыстарына қатысты сұрақтар бойынша жүгінген.

Айта кетейік, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкімдіктерінің өкілдерімен селектрлік байланыс орнатылды. Үндеулердің басым көпшілігі Президент әкімшілігінің қатаң бақылауына алынды. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы