Қазақстандықтар карантин кезінде ағылшын тілін тегін меңгере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай мүмкіндікті ел тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласындағы "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі ұсынып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағылшын тілінің негіздерін үйрету мақсатында өткізілетін онлайн курсты біліктілігі жоғары маман Кристина  Яичникова  жүргізеді. Сабақ берушінің айтуына қарағанда, бұған дейін ол ағылшын тілін қашықтықтан үйретуден біраз тәжірибе жинап үлгерген.
Менің басты ұстанымдарымның бірі – "Өзіңе ғана емес, өзгеге де жақсылық жасауды ұмытпау". Мен осыған дейін онлайн режимде сабақ беруден біраз тәжірибе жинадым. Карантин уақытында сол тәжірибемен бөлісудің сәті түсіп отыр. Сабақты онлайн режимінде жүргізу барысында ағылшын тілін аз уақыт ішінде меңгеру тәсілдерін де үйретуге тырысамын. Курста біз грамматика негіздерін қарастыратын боламыз. Ал жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында үй тапсырмалары беріліп, кейінгі сабақта қатысушылардың оны қалай орындағандығын тексереміз, – дейді Кристина Яичникова.

Айта кетейік, аталмыш сабақтар аптасына бір рет әлеуметтік желідегі @ennnglish парақшасында және You tube каналында тікелей эфирде жүргізілетін болады.  Әр сабақтың ұзақтығы: 1 – 1,5 сағат. 2 айға созылатын тегін курстың алғашқы сабағы 1 сәуірге белгіленген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы