Қазақстандықтар ай соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеуі керек – Қаржы министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша төлемдерді «Салық әмияны» арқылы білуге болады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
 

2020 жылдың 1 қазанына дейін меншіктерінде жер телімдері мен жылжымайтын мүліктері бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеуі керек. «Салық әмияны» қызметінде сіз осы салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре аласыз. Сіз бұл деректерді және e-Salyk мобильдік қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көре аласыз, - делінген таратылған ақпаратта.
Сонымен қатар, есептелген сомаларды екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлеуге болады.

E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп, салық әмиянын толтырып, салықты төлеуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы