Қазақстандықтар қаржысын қандай валютада сақтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2019 жылғы қыркүйек айының соңында қазақстандықтардың банктік салымдары өткен жылға қарағанда 4,2%-ға артып, 8,8 трлн теңгені құрады, деп жазады ranking.kz.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жинақ ақшасының негізгі валютасы — теңге: барлық салымдардың 55,6% (4,9 трлн теңге) ұлттық валютада сақталады. Шетел валютасындағы салымдар, өз кезегінде, 44,4% (3,9 трлн теңге) құрайды.
Сондай-ақ, корпоративтік секторда да ұлттық валютаға қызығушылық артты. 2019 жылдың қыркүйек айының соңында заңды тұлғалар салымдарының сомасы 6,7 трлн теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,5% артық. Салымдардың теңгелік бөлігі 2018 жылғы 47,8% 2019 жылы 51,2% дейін ұлғайды, ал ақшалай мәнде сома 8,9%-ға, 3,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары бір жылда 5,2% қысқарып, 3,3 трлн теңгені құрады. Үлес 52,2%-дан 48,8% дейін төмендеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде "Қазіргі заман қаһарманы" акциясы өтті
Өзгелердің жаңалығы