Қазақстандықтар 2018 жылы 6 миллионнан астам ЭЦҚ рәсімдеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 6 миллионнан астам электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдеді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 миллионға артық.
Берілген электрондық цифрлық қолтаңба санының артуы электронды үкімет порталын пайдаланушы азаматтардың көбейгенін білдіреді.
Мемлекеттік корпорацияның 2018 жылғы қорытынды есебіне сәйкес, 32 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17%-ға аз көрсеткіш. Бұл дегеніміз – мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарынан емес, онлайн форматта өз бетінше алатын азаматтардың саны артқан.
Айта кетейік, 2018 жылы Алматы мен Астана қалалары, сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындары ең көп ЭЦҚ рәсімдеген. Мәселен, алматылықтар – 803 мың, Түркістан облысындағылар – 738 мың және астаналықтар 523 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба алған.
2018 жылы рәсімделген электронды цифрлық қолтаңба саны
(аймақтық бөліністе)
№ |
Аймақ |
Берілген ЭЦҚ саны |
1 |
Алматы қ. |
803 090 |
2 |
Түркістан обл. |
738 320 |
3 |
Астана қ. |
680 329 |
4 |
Алматы обл. |
523 221 |
5 |
ШҚО |
357 995 |
6 |
Қарағанды обл. |
340 953 |
7 |
Ақтөбе обл. |
336 590 |
8 |
Қызылорда обл. |
328 927 |
9 |
Жамбыл обл. |
311 818 |
10 |
Ақмола обл. |
306 026 |
11 |
Қостанай обл. |
260 210 |
12 |
Павлодар обл. |
208 076 |
13 |
Атырау обл. |
203 599 |
14 |
БҚО |
189 518 |
15 |
СҚО |
177 732 |
16 |
Маңғыстау обл. |
175 137 |
17 |
Шымкент қ. |
73 319 |