Қазақстандық стартап халықаралық шараға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжандағы SUP.VC акселераторы қазақстандық payday service финтех-стартапының негізін қалаушы Тамерлан Кокушты 2020 жылдың 7 тамызында өтетін "FINTECH EVENING" онлайн панельдік сессиясына қатысуға шақырды.
Панельдік сессияға VK.COM, Yandex Money, Pasha Bank және басқа да халықаралық компаниялардың өкілдері де қатысады. Іс-шараның басты тақырыбы - әлемдегі финтех индустриясының трендтері мен болашағы. Іс-шараға осы сілтеме арқылы тіркелуге болады.
PayDay Service - бұл жалақыны басқару платформасы. Стартаптың негізін қалаушы Тамерлан Кокуштың айтуынша, PayDay пайдаланушылары кез келген уақытта сервис арқылы жұмыс істеген кезең үшін жалақы ала алады. Жобаның алғашқы іске қосылуы 2020 жылдың наурызында жоспарланды, бірақ ол әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.
Future Capital Technologies компаниясы ескірген және күрделі процестер үшін қарапайым және тиімді шешімдер ұсынатын IT-жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Біз бұл процестерді анықтап, жаңғыртамыз және жеңілдетеміз. Өткен жылдың соңында біз PayDaySevice-ті жарияладық. Талдау жасай отырып, біз адамдар банктер мен микроқаржы ұйымдарынан тек қажетті заттарды сатып алу үшін қарыз алуға дағдыланғанын білдік. Олар жоғары пайыздарға, айыппұлдар мен өсімпұлдарға байланысты ұтылады. Бұл біздің елімізде аванстық жалақы төлемдеріне қол жеткізу тәжірибесінің жоқтығына байланысты немесе мұндай төлемдер процесі өте күрделі және көп уақытты қажет етеді, - дейді Кокуш.
Сондай-ақ Кокуш стартаптың халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырғанын айтты.
Өткен сенбіде біз Mysalary (Payday аналогы) өнімін іске қосу бойынша It Smart Finance (Барселона, Испания) біріктіру туралы келіссөздер жүргіздік. Шарттық қатынастардың периметрлері, кодты беру және Испаниядағы қызметті жүзеге асыру үшін мобильді нұсқаны әзірлеу талқыланды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, стартап Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушысы және салық жеңілдіктеріне ие.