Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  2 қыркүйек күні Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда үстел теннисінен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы жекелей және командалық Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Құрлық бәсекесіне Қазақстан атынан бес спортшы қатысады. Олар – Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Сағантай Құрмамбаев (Семей), Темірлан Ким (Қарағанды), Алан Құрманғалиев (Қарағанды) және Санжар Жұбанов (Орал).

Азия чемпионатында Қазақстаннан бөлек Гонконг, Үндістан, Иран, Қытай, Корея, Малайзия, Тайланд, Тайпей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Филиппин және Жапония теннисшілері бақ сынайды. 
  
7 қыркүйекке дейін жалғасатын турнирге жалпы саны 168 спортшы қатысады деп күтілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы