Қазақстандық спортшы Берлин марафонына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанна Мамажанова әлемдік Abbott World Marathon Majors — ВERLIN-MARATHON марафондар сериясының элитасында сынға түсетін алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Бұл туралы  Оlympic.kz хабарлады.  

Әлемдік турнир 2019 жылдың 29 қыркүйегінде өтеді. Ұйымдастырушылар элита қатарына Жанна Мамажанованы да қосты. Бұған дейін марафонда үздік алтылыққа енген спортшылар ғана бақ сынайтын.

Мамажанова биыл өткен на IAAF Gold Label Riga Marathon марафонында 2:42.53 уақыт көрсеткішімен сегізінші орын иеленді.  Аталған сынға кениялықтар Глэдис Чероно мен Вивиан Черуйот, эфиопиялық Маре Дибаба қатысады. 

Айта кетелік, Берлин марафоны Токио, Бостон, Лондон, Чикаго және Нью-Йорк марафондарымен бір қатарда тұр. Сондай-ақ, Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының рейтингінде жоғары статусқа ие.  



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы