Қазақстандық әскери қызметшілер әлем чемпионатына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери спортшылары Ресейде 20-шы мәрте өткелі отырған бокстан әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, әлемдік біріншілікте еліміздің намысын 2017 жылғы бокстан әлем чемпионы атанған кіші сержант Қайрат Ерәлиев және де Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы АОСК-ның мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Сәкен Бибосынов қорғайды.
Байрақты дода 7 – 12 қыркүйек аралығында Екатеринбургтағы халықаралық аренада өтеді.
"Осы жылы жарыста 91 елдің 488 былғары қолғап шеберлері бақ сынайды деп күтілуде. Бұл чемпионат тарихындағы қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш. Одан басқа 2020 жылы олимпиадалық болатын 8 салмақ дәрежесі бойынша алғаш рет жекпе-жек өтеді", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанда халықаралық күйшілер байқауы басталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы