Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливаннан оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев елорда әуежайында дәрігерлерді салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
Қазақстандық арнайы жасақ Ливанда екі аптадан астам уақыт болған. Әскери дәрігерлер Бейрут, Боуар, Сайда, Машгара қалаларындағы тұрғындарға көмек көрсетті. Онда әскери госпиталь мен муниципалдық ауруханаларда жұмыс істеген. Сонымен қатар қазақстандық әскери дәрігерлер ливандық әріптестерімен бірлескен ем жүргізіп, тәжірибе алмасты.
Бұл шаралар біз үшін және жас дәрігерлер үшін өте маңызды. Өйткені елге көмектесу бар және тәжірибе алмасу бар. Осындай жарақат болған жағдайда қандай көмек керек екенін, оған іріктеу жасау керек екенін білу керек. Жас дәрігерлердің, офицерлердің үйренгені өте дұрыс, - дейді жетекші хирург, медицина қызметінің полковнигі Ғалымжан Омаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбелік полицейлер Конституция күнін атап өтті
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы