Қазақстандық ойыншы Литва чемпионатында гол соқты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литва бірінші лигасының 29-туры аясында өткен "Хегельманн Литауэн" - "Жальгирис Б" кездесуі 8:1 есебімен аяқталды, деп жазады Prosports.kz.
Алаң қожайындары сапында доп тебетін қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбеков қос гол соғып көзге түсті. Сламбеков кездесудің 30 және 87-минутында дәл соққы жасады.
Айта кетейік, осы жеңісінен кейін Сламбековтің командасы турнирлік кестеде жетінші орынға жайғасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
23 қазанға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы