Қазақстандық мұғалімдердің жалақысы қанша теңгеге өсті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 184 мыңға дейін өскен.

Ал мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің жалақысы шамамен 90 мың теңгедей. Бұл туралы ranking.kz жазды.

2020 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 184,4 мың теңгеге жетті, яғни өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға көп. Инфляцияны ескере отырып, сектордағы жалақының сатып алу мүмкіндігінің нақты өсімі 26,4% құрады. Барлық сала бойынша орташа айлық жалақы 212 мың теңге, яғни бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,7%-ға көп. Ал сатып алу мүмкіндігінің өсімі 6,5%-ды құрады.

Білім саласындағы ең жоғары жалақыны орта білім беру қызметкерлері алды: 214,2 мың теңге, инфляцияны ескере отырып, нақты өсім 34,9% құрады. Ең төменгі жалақы мектепке дейінгі білім сегментінде тіркелді: барлығы 90,2 мың теңге, нақты өсім - 5,9%. 

ЖОО қызметкерлері орта есеппен 208,8 мың теңге (нақты жылдық өсім - 6,5%), бастауыш білім - 161,9 мың теңге (нақты өсім - 28,8%), қосымша білім беру қызметтері – 147,7 мың теңге (инфляцияны есепке алғанда жылына минус 0,5%) алған.

Республика бойынша ең жоғары жалақыны елордалық мұғалімдер алған. Орташа айлық жалақылары 298,4 мың теңге, яғни бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,8%-ға көп.

Алғашқылардың үштігіне Алматы (209,9 мың теңге, 21,1%) және Маңғыстау облысы (198 мың теңге, 42,7%) кірді. Бұл саладағы ең төменгі жалақы Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында, сонымен қатар Шымкентте тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтерілді. Сонымен қатар, олар жыл сайын 25%-ға өседі, ал төрт жыл ішінде жалақы екі есе өсуі керек.

Сонымен қатар, біліктілік санаты үшін қосымша төлемдер енгізілді:
- мұғалімдер - лауазымдық жалақының 30-50% мөлшерінде;
- мектеп директорлары мен орынбасарлары - лауазымдық жалақының 30-100% мөлшерінде.

Екінші тоқсанда білім беру саласында жұмыс істейтіндердің саны 1 миллионнан асты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1%-ға артық.

Оның ішінде жұмысшылардың нақты саны 982,2 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға көп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы