Қазақстандық клубтар үстел теннисінен Ресей ашық біріншілігіне қатысуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей үстел теннисі федерациясының өкілдер кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан үстел теннисі федерациясының ресми сайты жазды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Отырыс барысында командалық біріншіліктің 1 және 2 кезеңіне қатысатын қатысушылар, жарыстың өтетін орны мен уақытын бегіледі.
Пандемияға байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы жағдай мүмкіндік берсе, аталған жарысқа TTC Astana, TT Club Karaganda клубтары өнер көрсетеді. Елордалық және қарағандылық теннисшілер Суперлигада 4-8 қараша күндері Свердловская облысында бақ сынайтын болады. Ал астаналық қыздар болса 29 қазан мен 1 қараша күндері Магнитогорскте, ал қарағандылық арулар Оренбургте жоғарғы лигаға қосылады, - делінген федерациясының хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттің 43 көшесіне жарық шамдар орнатылды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы