Қазақстандық футболшысы голландиялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель голландиялық "Хераклес" клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлады Vesti.kz.

27 жастағы футболшы Голландия чемпионатының 13-турындағы өз алаңында өткен "ВВВ-Венло" клубына қарсы матчтың  23-минутында қарсылас қақпасына гол салып, есеп ашты.

Меркель 2018 жылдың жазынан бері "Хераклес" құрамында доп тебеді және бүгін алғашқы голын соқты.

Матч 6:1 есебімен аяқталып, "Хераклес" жеңіске жетті. 13 ойыннан кейін Меркель командасы 21 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. "ВВВ-Венло" болса тоғыз ұпаймен 17-орынға жайғасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы