Қазақстандық футболшы Еуропа жеңімпазының сапына ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА клубына ауысты. Бұл туралы Мәскеу клубының ресми сайты хабарлады.
22 жастағы «Тараз» футболының түлегімен келісімшарт 2024/25 жылғы маусымның соңына дейін жасалған. Биылғы маусымнан бастап, қазақстандық ойыншылар Ресейде легионер болып саналмайды.
Зайнутдинов бұған дейін Ресейдің тағы бір командасы «Ростов» сапында ойнаған. Осы маусымда 4 ойынға қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Былтырғы маусымда 17 ойында 4 гол соққан және 2 нәтижелі пасы бар. Оның алдында «Тараз» және «Астана» командалары сапында ойнаған.
Журналист Айдын Қожахметтің айтуынша, ЦСКА Бактиер үшін «Ростовқа» 1 миллион еуро төлеген.
ЦСКА клубы – Ресейдің алты дүркін чемпионы. 2005 жылы УЕФА кубогын жеңіп алған (қазіргі Еуропа лигасы – тілші).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің елшісімен кездесті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы