27 Шілде 2019 2019, 00:05
Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг чемпион атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг чемпион атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
48 келіде белдескен Қазақстан командасының мүшесі финалға дейін сүрінбей, ақтық айқаста франциялық Мелани Клементті ұтты. Финалға дейін Галбадрах Австрия және Қытай спортшыларынан басым түскен болатын.