Ауыр атлетшіге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық соты Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрама мүшесі Майя Манезаға 50500 теңге айыппұл салды, деп жазады Prosports.kz.
Мәселенің мәні былай болған. Тамыз айында Майя Манеза Volkswagen автокөлігімен Қарасай батыр – Жароков көшелері қиылысында бұрылып жатып, Toyota Camry көлігімен соқтығысып қалады. Кінәлі спортшы қыздың өзі болып шығады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келген.
Манеза сотта кінәсін мойындап, болған іске өкінетінін білдірді.
Сот Майя Манезаны кінәлі деп тауып, оған 50500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Майя Манеза ауыр атлетикадан екі дүркін (2009, 2010) әлем чемпионы.