Қазақстанда жылына 500 мың аяқ киім шығаратын зауыт бар екен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол – "ТаразКожОбувь" фабрикасы. Отандық кәсіпорын жылына 500 мың жұп аяқ-киім шығарады екен. 

Фабрикада бүгінде тері өңдеуден бастап, теріні илеу және дайын аяқ киім шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қалыптасты. Ол үшін компания тұрғындардан ірі қара мен ұсақ мал терісін сатып алады. Өйткені кез-келген бұйымның нәтижесі шикізаттың сапасына тікелей байланысты екені белгілі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың жұп аяқ киімді құрайды. Сонымен қатар, шығарылатын өнім ассортименті 80-нен астам үлгіні (етік, бәтеңке, туфли, сандалий, спорттық аяқ киім, ерлер, жасөспірімдер және балалар аяқ киімі) қамтиды.

Инновациялық технологияларды енгізбей, отандық өнімге деген сұранысты өтеу мүмкін емес. Сондықтан кәсіпорын Италияның "Москони", "Рицци", "Картигльяно", "Джиматто", "Карлесси" (Италия), Ресейдің "АТОМ" сынды агрегаттары мен станоктарын сатып алды.

Бүгінде аяқ киім фабрикасы әскерге, күш құрылымдарына, күзет және құтқару қызметтеріне, түрлі өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарға арналған шеге, желім және құю әдістерінің аяқ киімдерін, сондай-ақ халыққа арналған күнделікті аяқ киімдер шығарады. Сондай-ақ, кәсіпорын "Wet-blue", "Crest" былғары жартылай фабрикаттарын және дайын тері өндіреді.

2017 жылы компания тапсырыс берушілердің көптеген өтініштері бойынша заманауи аяқ киім өндірісін ПУ/нитрильді табаны, композитті соққыға қарсы және антипрокольдік кевлар ұлтарағы арқылы жолға қойды. Бұл аяқ киімнің төзімділігі өте жоғары, жүрген кезде жеңілдік сезіледі. Табанды жасау үшін пайдаланылатын екі компонентті полиуретанды жүйе гидролизге төзімді және жоғары жылу оқшаулағыш қасиеті бар.

"ТаразКожОбувь" ЖШС-де 250 қызметкер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда фабриканың көп жылдық табысты жұмыс тәжірибесі, жеткілікті өндірістік және кадрлық әлеуеті, заманауи және қажетті түрлі мақсаттағы аяқ киім шығаруға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы