Қазақстанда жыл сайын 3 мыңнан астам сүт безі ісігі анықталады

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қатерлі ісік аурулары бүкіл әлемде өлімнің екінші негізгі себебі болып отыр.  

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам сүт безі қатерлі ісігі анықталады екен. 

Сүт безінің қатерлі ісігін алғашқы кезеңдерде маммография және сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі арқылы анықтауға болады. 40 жастан асқан әрбір әйел 2 жылда бір рет маммографиядан өтуі керек. Жасына қарамастан, кеудедегі кез келген түзілімдер анықталса, онкологпен кеңесу керек. Аурудың алдын алу үшін отбасылық өмірдің уақытылы басталуына себепші. Босану және емізу сүт безі қатерлі ісігінің қаупін азайтады. Ісік ерте кезеңде анықталса, оның толық емделу ықтималдығы 100% жетеді, - делінген хабарламада.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халықты денсаулыққа саналы және жауапкершілікпен қарауға шақырады. 1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15 қазанды Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күні деп белгіледі, осыған байланысты 2020 жылдың 10 қазан және 17 қазанда сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «Алматы онкологиялық орталығында» сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында Ашық есік күндері өткізіледі.

Ол жерде барлық қыз-келіншектер, әйелдер тегін тексеруден өте алады.

Уақыты мен өткізілетін орны:

1. Клиникалық-диагностикалық бөлімше: Папанин к-сі, 220 литер A. 1-қабат;

2. Скринингтік бөлімше: Өтепов көшесі, 7а, 2-қабат.

Ашық есік күніне байланысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуыңызға болады:  + 7-707-7617262;  + 7-707-4974414;  + 7-727-312-24-74.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы