Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Осыған дейін айтылғандай, біз шерифтердің моделін зерттеуді жүзеге асырмақпыз. Ол АҚШ, Ұлыбритания және Канадада бар. Бұл салада АҚШ елшілігі көмек көрсетуге дайын. Полицияның қадамдық қолжетімділік ұстанымы бойынша полиция далада жүруі керек деген сөз емес. Полиция қажет кезінде сол орыннан табылуы керек. Оны үшке бөліп қарастыруға болады. Ол қауіпсіз жер, полиция тек қажет кезде ғана шақырылуы керек, жартылай қауіпсіз жер және полиция үнемі жүруі тиіс қауіпсіз емес жерлер, - деді ол.
Айдар Сайтбеков атап өткендей, министрлік патрульдік полицияның бағытына өзгерістер енгізіліп, олардың елді мекендердің криминалдық учаскелерінде жүруіне жағдай жасалады.
Сондай-ақ, тәулік бойы жұмыс істейтін модульдік бекеттер орнату жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының учаскелік инспекторлардың мәртебесін көтеру тапсырмасы бойынша, учаскелік полицияның заңнамалық тұжырымдама әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, өңірлік әкімдіктердің көмегімен учаскелік инспекторлардың материалдық-техникалық жағдайы жақсартылып жатыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы