Қазақстандағы жұмыссыздар саны қанша
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 443,2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%-ды құрады, деп мәлімдеді Статистика комитеті.
Статистика комитетінің мәліметінше 2019 жылғы қазандағы жағдай бойынша республика экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,6 млн адам жалданып жұмыс істейді, бұл — жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75%-ы.
Ресми түрде осы жылдың қазан айының соңында жұмыспен қамту органдарында 165,8 мың адам тіркелді. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,8%-ын құрады.
Бұл ретте 2019 жылғы III тоқсанда жасырын жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 0,3% (24,9 мың адам) тең.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы