Қазақстандағы түрмелерде 1600-ге жуық педофил жазасын өтеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл бағыттағы істер бойынша толық ақпаратты, соның ішінде зорлаушылардың аты-жөнін infopublic.pravstat.kz сайтынан көруге болады.
Өткен жылдың соңында құқық қорғау органдарында бір жарым мыңға жуық педофил мен 2800-ден астам зорлаушы есепте тұрған. Қазір Қазақстанның түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстары үшін 1600-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті педофилдер туралы деректердің электрондық картасын бірнеше жыл бұрын ұсынған болатын. Онда аймақтар мен қылмыс жасау мерзімі бойынша ақпарат ашық түрде орналастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізу мәселесі қарастырылады
Өзгелердің жаңалығы