Қазақстанда темекі қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бір жылдың ішінде темекенің бағасы 11%-ға өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында темекінің бағасы 436 теңге болған. Өткен жылдың қыркүйек айында оның бағасы 11,4%-ға арзан еді – 391 теңге.
Темекі бағасының ең жоғарғы көрсеткіші Қостанай қаласында тіркелген – 461 теңге. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы (456 теңге). Үшінші орында – Ақтау (452 теңге).
Темекі өндірісі де өткен жылмен салыстырғанда 1,2-ға өсіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы