Қазақстанда тексерілген вакцина ғана пайдаланылатын болады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесіне тоқталды.
Біз көптеген өндірушімен, соның ішінде ресейлік өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда вакцина ресми тіркеу алған жағдайда ғана жалпы қолданысқа рұқсат етілетінін түсіну керек. Яғни, ол вакцинаның тиімділігі, қауіпсіздігі толық тексерілгеннен кейін. Сондықтан, Қазақстанда қолданылатын кез келген вакцина осы процедуралардан өтуі керек. Тиісінше, ол клиникалық сынақтардың соңғы сатыларынан өтуі тиіс. Қандай да бір жанама әсері бар немесе тиімділігі дәлелденбеген кез келген вакцина, әрине, Қазақстан аумағына жіберілмейді, - деді ол.
Оның айтуынша, қазір барлық вакцина, соның ішінде ресейлік вакцина да сынақ кезеңдерінен өтіп жатыр.
Әрбір технологиялық компания өз өнімдерін жетілдіру бағытында жұмыс істейді. Біз басқа елдер мен өнімдерді бақылап отырамыз. Сондықтан Қазақстанда тек тексерілген вакцина ғана пайдаланылатын болады. Біз үшін ресми қорытындылар, расталған ресми деректер өте маңызды. Бұлар вакцинаны қабылдау кезінде мұқият тексеріледі. Тек бақылау жүйесінен өткеннен кейін ғана өнім нарыққа жіберіледі, - деп атап өтті министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пойызбен жолаушыларды тасымалдау қызметі қалай жаңғыртылады?
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы