Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қазанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 289,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы қазанға қарағанда 9,3% артық (265,3 мың теңге).
Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады деп жазады 7kun.kz.
Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5%, шаршы метр үшін 184,9 мың теңгеден 198,7 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 8,6%, 1,5 мың теңгеге дейін көтерілді.
Сонымен қатар, өткен аймен салыстырғанда республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 1,5%, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату — тиісінше 0,7% өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,9% жоғары болды.
Өңірлік бөліністе тұрғын үйдің ең жоғары бағасы үш мегаполис пен Атырауда тіркелді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Ақтөбеде жылжымайтын мүлік құны арзан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Muslim.kz порталы "Мәуліт Challenge" эстафетасын жариялады
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы