Қазақстанда "StopMusor" әлеуметтік жобасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік экология күні қарсаңында "StopMusor" әлеуметтік жобасы басталды. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында жобаның мақсаты мен міндеті туралы "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева айтып берді. 

Айгүл Соловьева қоршаған ортаны қорғау мәселесінің маңыздылығына тек экологтар ғана емес, экономистер де алаңдай бастағанын жеткізді. 

Жоба 2021 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы іс-шараларға ерекше назар аударылады. Біз барлық тұрғынның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға шақырамыз. Жобаны іске асыру барысында қоқыстану мәселесіне қоғамның назарын аудару көзделіп отыр,- деді Соловьева.

Айгүл Соловьеваның айтуынша, қоқыстың көп болуы адамдардың жауапкершілігінің төмен екенін көрсетеді. 

Жыл сайын топырақ, су мен ауа ластануының көрсеткіші артуда. Оның басты себептерінің бірі - өндірістің табиғатқа келтіретін зияны мен азаматтардың төмен экологиялық жауапкершілігі. Жоба аясында халықтық ақпараттандыру үшін ауқымды ақпараттық кампаниялар мен экологиялық акциялар, әлеуметтік желілерде сайттың парақшасын іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, жоба аясында аулалар мен көшенің қоқыстануы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қаншалықты теріс әсер ететініне ерекше мән берілмек, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы