Қазақстанда шетелдік компаниялар көбейіп келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қыркүйегінің соңына қарай шетелдіктерге тиесілі кәсіпорындар саны 17,4%-ға, 16,5 мың компанияға дейін өсті, деп жазады 7kun.kz.
Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жалпы саны 9%-ға артып, 299,5 мың кәсіпорынға жеткен. finprom.kz мәліметінше ҚР-дағы шетелдік компаниялардың үлес салмағы жыл сайын ұлғайып келеді: мәселен, соңғы жылы үлес 5,1%-дан 5,5%-ға дейін өскен.
Бұл ретте барлық шетелдік компаниялардың 97,4%-ы — шағын, олардың саны бір жыл ішінде 18%-ға, 16,1 мыңға дейін өсті, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған барлық шағын компаниялардың үлесі 5,1%-дан 5,5%-ға дейін өсті.
Бір жыл ішінде орташа шетелдік компаниялардың саны 3,4%-ға, 243 кәсіпорынға дейін артты, ал бүкіл Қазақстан бойынша орташа компаниялар саны 1,8% азайды. Шетелдік орта компаниялардың үлесі 3,8%-дан 4% —ға дейін өсті.
Қазақстандағы ірі шетелдік кәсіпорындардың саны 6,2%-ға, 183-ке дейін қысқарды, ал республика бойынша ірі компаниялардың саны 1%-ға қысқарды, соның салдарынан шетелдік ірі кәсіпорындардың үлесі 8,1%-дан 7,7%-ға дейін азайды.
Шетелдік кәсіпорындардың ең көп шоғырлануы тау-кен өндірісінде байқалды: мұнда жұмыс істейтін барлық заңды тұлғалардың 10,4%-ы немесе 306 компания. Бұл ретте, осы салада жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесіне шетелдік компаниялардың 28,7%-ы, ал орта кәсіпорындардың үлесіне — 27,4%-ы тиесілі.
Сондай-ақ, елдегі шетелдік компаниялардың ең көп шоғырлануы Алматыда белгіленген: олардың үлесі мегаполисте жұмыс істейтін барлық заңды тұлғалардың 9,5%-ын құрайды — 6,9 мың компания. Екінші орында — Нұр-Сұлтан (6,1%), үшінші орында — Қостанай облысы (6%).