Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеу қанша тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясы аясында өткізілген баспасөз конференциясында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік нөмірлермен автокөлікті заңдастыру қанша тұратынын айтты.

Оның айтуынша, утилизация бойынша алымдар мен салық баждарының сомасын есептеу полицейлердің құзырына кірмейді. Ол мамандандырылған ХҚКО-да кеден және мемлекеттік кіріс қызметкерлері бар, баж салығын солар есептейтінін айтқан. Бірақ Алматының бас жол полицейі бұл сома 500 мыңнан басталып 4 миллион теңгеге дейін баратынын айтты. Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру бағасы осындай. 
Көлік үшін кім және қанша төлеу керектігін әркім өз желісі бойынша қарайды. Бізге барлық баж салығы төленді және еш шағым жоқ деген деректер беріледі. Мен білуімше, осы баж салығы мен утилизация алымдарының сомасы шамамен 500-600 мыңнан 3-4 миллион теңгеге дейін, - деді Мұраталиев. 

Оның айтуынша, сома автокөліктің шыққан жылы мен әкелінген еліне байланысты. Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасының бастығы әр көлік өз елінде кедендік тазартудан өтуі тиіс екенін де атап өтті. 
Стандарттарға сәйкес келмейтін машиналар тіркеуге алынбайды. Мысалы, қауіпсіздік жастығы жоқ көліктер. Мүмкін мұндай көліктерді бөлшектеп сатып жіберу керек шығар, - деді басқарма бастығы.  

Айта кетейік, Қазақстанда бір жылдан көп жүрген армян және қырғыз көліктері заңсыз деп танылды. Осыған орай полицейлер елден "бөтен" нөмірлері бар машиналарды шығарып жіберетінін айтқан еді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған автокөліктерді тіркеуге шақырды. 

Қазақстанға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейден 170 мыңнан астам көлік әкелінген. 2019 жылы мұндай көліктер Қазақстанда жол қозғалысының ережесін 90 мың рет бұзған. Салынған айыппұл сомасы 1,1 миллиард теңгені құрады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы