Қазақстанда Кипрдің 207 компаниясы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Никос Христодулидис елордаға келді.
Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Никос Христодулидис кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізді.Соның қорытындыларына қатысты екі министр баспасөз алдында мәлімдеме жасады. ҚР сыртқы істер министрі Кипр Қазақстанның оңтүстік Еуропа аймағындағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
«Бүгін біз ашықтық пен өзара түсіністік рухында Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен өте табысты келіссөздер өткіздік. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда нақты жоспарлар белгіледік, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара іс-кимылдың ортақ ұстанымдарына қол жеткіздік. Қазақстан Кипрді дәстүрлі түрде Оңтүстік Еуропа аймағындағы маңызды серіктестердің бірі деп санайды және біз өзара саяси іс-қимылымызды одан әрі тереңдетуге деген ұстанымымызды растаймыз», - деді Атамқұлов.
Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде Кипр капиталының қатысуымен 207 компания қызмет етіп жатыр.
«Никосия Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы, БҰҰ-дағы және басқа да халықаралық алаңдардағы халықаралық және аймақтық бастамаларын тұрақты негізде қолдайды. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен бірге біздің әріптестігіміздің перспективалық бағыттары – энергетика саласы, құрылыс, инновация, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және туризм. Қазақстанда Кипр капиталының қатысуымен 207 компания мен өкілдігі тіркелген», - деді министр.
Бейбіт Атамқұлов келіссөздер барысында екі ел арасында қол қойылатын құжаттарға тоқталды.
«Қазір ынтымақтастық және екіжақты саяси консультациялар жөніндегі Сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара түсінісушілік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ бүгін Қазақстан Республикасы үкіметі мен Кипр Республикасы үкіметі арасында қосарлы салық салуды болдырмау және кірістердің салығына қатысты салық салудан бұлтартпауды болдырмау туралы конвенцияға қол қойылады», - деді ол.
Атамқұлов атап өткен құжаттың екі ел қарым-қатынасы үшін маңызды екенін Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Никос Христодулидис құптап өтті.
«Бұл келісім екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді жақсартады. Мен бүгін өзімнің әріптесіме түрлі саладағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жақсарту үшін жол картасын әзірлеуді ұсындым. Екі ел арасында инвестиция, сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы қатынасын одан әрі дамыта береміз», - деді Кипр сыртқы істер министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көпбалалы отбасылар «Анашым, біз үйдеміз» тележобасына қатысып, үйлерін тегін жөндей алады
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы