Қазақстанда күнкөріс минимумы 12% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 аймақың алтауында күнкөріс минимумы республикалық орташа көрсеткіштен асады.
2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда жан басына шаққанда күнкөріс минимумы 30 мың теңгеге ұлғайды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 11,6% артық. Өткен жылы осындай уақытта жылдық 4% ұлғайып, 26,9 мың теңге болатын. Бұл туралы finprom.kz жазады.Дегенмен осы жылдың қаңтар айында тауарлар мен қызметтер бағасы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,6 % қымбаттады. Оның ішінде азық-түлік бағасы 9,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 5,2%, ақылы қызметтер бағасы 1,4% көтерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы