Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер бақытты болып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақыттылық деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде Қазақстан 153 мемлекеттің ішінде 50-орынға көтерілді. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірінші орынға шыққан.Еліміздің ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жыл сайын "Халықтың өмір сапасы" тақырыбында халық арасында сауалнама өткізеді. Сол жүргізілген зерттеуге сәйкес, респонденттердің 63,5% өз өміріне қанағаттанады екен. Оның ішінде ауыл тұрғындары (72,6%) қалада тұратын (58,4%) қазақстандықтарға қарағанда өз өмірлеріне анағұрлым риза. Онымен бір мезгілде, сұрақтарға жауап бергендер арасында тағдырына қанағат еткен ер адамдар (61,8%) әйелдерге қарағанда (58,5%) көп болып шықты.
Қазақстан World Happiness Report сайтының мәліметіне сәйкес, былтыр 60-орында болған. Биылғы жылы 10 сатыға көтеріліп отыр. Еуразиялық одақтың ішінде Қазақстан бірінші орында келеді. Рейтингте Ресей – 73 орында, Қырғызстан - 74-ші орында, Беларусь - 75-ші орында, ал Армения 116-орында тұр.
Бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтинг – бұл әлем елдері халқының бақытты болу көрсеткішін анықтайтын халықаралық зерттеу жобасы.Рейтингті әзірлеу кезінде бірнеше көрсеткіш есепке алынады. Олар: жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің деңгейі, өмірдің ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, ертеңгі күнге деген сенім мен қауіпсіздік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық деңгейі, сондай-ақ, сенім, қайырымдылық пен жомарттық сияқты көрсеткіштер.
Ал әлемдік рейтингтің басында Финляндия мемлекеті тұр. Үздік ондықтың қатарында -Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург бар.
Ал ең соңғы орында - Зимбабве, Оңтүстік Судан мен Ауғанстан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Науқастарды онлайн қабылдау өз тиімділігін көрсетті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы