Қазақстанда бір айда 100 мың адам жұмыспен қамту қызметіне жүгінген
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда 2018 жылдың соңында жұмыссыздық деңгейі халықтың белсенді бөлігінің 4,8%-ын құрады. Бұл жөнінде LS агенттігі Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2019 жылғы қаңтар айының соңында 996,6 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 1,1% құрады.Алайда, тіркелген жұмыссыздар саны бойынша Ресей (733,2 мың адам) және Қазақстан (111 мың адам) көш бастап тұрса, одан кейін Қырғызстан (73 мың адам), Армения (64,6 мың адам) және Беларусь (14,8 мың адам) тұр.
«Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес, жалпы ЕАЭО бойынша жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 4,9%-ын құрайды. 2018 жылдың ақпан айымен салыстырғанда ЕАЭО бойынша жұмыссыздар саны 2,6%-ға азайды», - деп жазылған хабарламада.
Соның ішінде, Қазақстанда (2018 жылдың IV тоқсаны) – 4,8%, Қырғызстанда – 6,9% (2017 жыл), Ресейде – 4,8% (2018 жылдың IV тоқсаны), Арменияда – 20,1% (2018 жылдың ІІІ тоқсаны), Беларусьте – 4,8% (2018 жылдың IV тоқсаны).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы