Қазақстанда 8 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.
КВИ жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны - 8518. Пневмониямен ауырғандар бойынша мәлімет жоқ. Коронавирус пен пневмониямен күрескен мамандар төлемақыға өтініш бере алады. Біз оларды қолдаймыз, медицина құжаттары жергілікті атқару органдарына комиссия қарауына жіберіледі, - деді ол.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 123 адамның құжаты қаралып, оны комиссия мақұлдап, төлемге жібергенін айтты.
Өтінім жібергендер саны айтарлықтай көп. Қазір жалпы сан бойынша ақпарат жоқ. Себебі әр өңірде комиссия өтініштерді жеке қарайды, - деді Цой.Айта кетейік, Ажар Ғиният брифинг барысында биыл 1 қаңтардан 2 тамызға дейін пневмониядан 4042 адам қайтыс болғанын айтқан еді. Сондай-ақ ол КВИ мен пневмония статистикасы неге бөлек айтылғанын түсіндіріп өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері пневмониядан 4042 адам қайтыс болған
Өзгелердің жаңалығы