Қазақстанда 39 браконьерлік факті анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылмен салыстырғанда, мұндай оқиғалардың айтарлықтай өсуі (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесудегі арта түскен жұмыс үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жеделдігімен байланысты.
Жалпы алғашқы жартыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 748 оқиғасын анықтады. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы 44 млн теңге, залал сомасы 1,6 млрд теңге, - делінген хабарламада.
Министрліктің баспасөз қызметінде атап өткендей, өткен жылғы осы кезеңді салыстыру үшін алсақ, 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы