Қазақстан әуекоманияларының табысы 16% өскен

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында әуекомпаниялардың табысы 16,4% өсіп, 369,2 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Жалпы табыстың 97,9% жолаушылар тасымалына тиесілі, сегменттегі сома 361,2 млрд теңгені құраған. Жүк пен багаж тасымалынан түскен табыс 7,9 млрд теңге немесе жалпы соманың 2,1%.

Сондай-ақ, әуекомпаниялар қаңтар-қараша аралығында 7,9 млн адамды тасымалдаған, бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 7,5% жоғары. Бұл жолаушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мәіметінше, Қазақстан әуежайлары 10 ай ішінде 14,8 млн адамға қызмет көрсеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 16 млн адамға жетеді деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы