Қазақстан тумасы Скрипальдар ісіне қатысты айыпталуда
Алматы, BAQ.KZ. Скрипальдардың улануы кезінде Лондонға келген үшінші ресейлік тыңшының кім екені анықталды. Ол жоғары шенді Ресейдің Мемлекеттік барлау басқарамасының офицері Денис Вячеславович Сергеев, деп жазды британдық The Sun басылымы.
Басылымның дерегінше, «Сергей Федотов» жалған есімімен жүрген МББ қызметкерінің негізгі аты Денис Вячеславович Сергеев. Ол 1973 жылы 17 қыркүйекте Қазақстанның Үшарал қаласында дүниеге келген. Әскери борышын Краснодарск аймағындағы Новороссия қаласында өтеген. 2000-2002 жылдар арасында Мәскеуге ауыстырылып Дипломатиялық академияда оқыған. Отбасылы, бір қызы бар.
Insider және Bellingcat басылымдарының жазуынша, Сергеев 2004 жылдан 2012 жылға дейін сегіз компанияның акционері немесе менеджері болған, қазір олар жойылған. Сондай-ақ ол 2010 жылы жалған есіммен паспорт алған, оны қалған екі күдіктіге құжат жасап берген бөлімше жасап берген.
«Федотов» ретінде саяхаттап жүрген ол Лондонға 2018 жылдың 2 наурызында Мәскеуден ұшып келген. Қалған екі күдікті Мишкин мен Чепига түстен кейін ұшып келген.
Ол наурыз күні Сергей мен Юлия Скрипальдар естүссіз қалған кезде Хитроу әуежайынан Мәскеуге қайта ұшуға тапсырыс берген»,-деп жазды басылым.
Бұған дейін Британия құқыққорғаушылары бұл іс бойынша тағы екі адамның қатысы бар деп мәлімдеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Франция елшілігінің виза бөлімі ашылды
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы