Қазақстан танкішілері дайындықтарын пысықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия халықаралық ойындары "Танк биатлоны"  конкурсына дайындық барысында қазақстандық әскерилер танкілердің қаруын тексеруден өткізді.

Тәжірибелік оқ-атулар арқылы зеңбіректер мен пулеметтердің жарамдылығы, сондай-ақ олардан нысанаға тиімді соққы беру мүмкіндігі тексерілді. Экипаждар атыс кезінде шебер және үйлесімді әрекеттерін көрсетті. 


Сонымен қатар, жарыс ережелеріне сәйкес, қазақстандық әскерилер сайыс барысында техникамен өтетін трасса бағдарын зерттеді. Оқ ату шекарасынан сәтті өту қорытынды орынды анықталатындықтан оларға ерекше назар аударылатын болады.

Бізді танкішілер аз уақыт ішінде бізге берілген техниканың техникалық қызмет көрсетуін сапалы орындады. Ал ату кезінде олар еліміздегі соңғы ату көрсеткіштерінен еш кем түспейтін нәтижелер көрсетті. Бұл команданың жеке жарысқа қатысуға деген ұмтылысы мен жоғары тұрғыдағы дайындығын білдіреді, - деп түсіндірді команданың жаттықтырушы полковник Анатолий Котвицкий.


Армия халықаралық ойындарының ашылу салтанаты 23 тамызда өтеді және YouTube бейнехостингтегі ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми каналындағы тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Рәсім Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағаты 16.00-де басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы