Қазақстан Тәжікстанға өкпені желдету аппаратын жеткізуді қарастырып жатыр – Бюрабекова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.
Бұған дейін «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибюторы гуманитарлық көмекті таратудың бірыңғай операторы болып таңдалған еді. Түрлі мемлекеттерден елімізге келген және әлі де келіп жатқан гуманитарлық көмек тиісті кедендік тексеруден өтіп, сапа және қауіпсіздік сертификатын алған соң бірыңғай дистрибютор оны Денсаулық сақтау басқармасына жібереді. Көмек әрі қарай медициналық ұйымдарға таратылады, - деді ол.
Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) портативті аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр деген ақпаратқа қатысты ойын айтты.
Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қатысты қоса кетейін. Қазіргі таңда барлық ел бір-біріне көмектесіп жатыр. Біздің елге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмекпн қол ұшын созуда. Сондықтан, Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды желдету портативті аппаратын жыл соңына қарай жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл аппарат науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдаған кезде пайдаланылатынын атап өту керек. Оларды Ақмола облысында орналасқан отандық өндірушілер шығарады, - деді вице-министр.
Бюрабекова ақмолалық өндірушілер өнім санын ұлғайтып, түрік компаниясымен бірлесіп, стационарда пайдаланатын өкпені жасанды желдету аппаратын шығаруды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Қазір бұл өндіріс орны өнім көлемін ұлғайтты. Өкпені жасанды желдету аппаратынан бөлек, стационарда пайдаланылатын өкпені жасанды желдету аппаратын өндіруді жоспарлап отыр. Мұны түрік компаниясымен бірлесе шығармақ. Бұл өндіріс жақын уақытта жолға қойылады және жыл соңына дейін портативті аппараттармен қатар, ауруханалардағы науқастарды емдеуге қажетті стационарлық өкпені жасанды желдету аппаратының орнын толтырады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы