Қазақстан соңғы 5 жылда интернетке қолжетімділік бойынша жақсы серпін жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.

Орталық Азия елдері интернетке қолжетімділік бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. Қазақстанда бұл сала бойынша ОА-ның өзге елдерімен салыстырғанда жағдай жақсы. Қазақстан соңғы 5 жылда интернетке қолжетімділік бойынша жақсы серпін жасады. Интернетке деген қолжетімділік 2014 жылғы 64 пайыздан 2019 жылы 84 пайызға артты. Ауылдық жерлердегі жағдайды алатын болсақ, ондағы халықтың 50 пайызы әлі де интернетке қол жеткізе алмай отыр, - деді ол. 
Лилия Бурунчук айтып өткендей, нормативтік базаны қайта қарап, бәсекеге қабілетті нарық құру өте маңызды. 
Жеке сектор интернетке қолжетімділікті жақсарту саласына қатысу үшін жағдай жасау керек, - деді ол.
Ал Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша адами капитал жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Сусанна Айрапетян болашақ цифрлық технологияларға қарап отырғанын айтты. 
Пандемияның оң әсерін алатын болсақ, ол онлайн көрсетілетін қыызметтердің жедел енгізілуін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету саласындағы технологиялардың дереу енгізілуіне жол ашады, - деді Сусанна Айрапетян.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы