Қазақстан Сингапурмен халықаралық мультимодальды көліктік-логистикалық хаб құруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ведомство басшысы Сингапурдағы әріптесім – сауда және индустрия мемлекеттік министрі Ко По Кун мырзамен кездесуі қызықты және нәтижелі болды, деп бөлісті.Оның айтуынша, Ко По Кун мырза Сингапурдың тәжірибесі мен білімі Қытайда белсенді қолданылатынын – сингапурлық компаниялар жағалаудағы бірқатар порттар мен логистикалық орталықтардың ортақ иеленушілері болып табылатынын жеткізген.
Сонымен қатар Ко По Кун мырза Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азияға біздің тауарлар транзиті үшін Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін пайдалануды ұсынды.
Мен Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия – Парсы шығанағы –Африка – Оңтүстік Америка КАРГО дәлізін бірлесіп құру жөнінде ұсыныс жасадым (жақында Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрімен осындай дәліз құру мүмкіндігін талқыладым). Солтүстік-Оңтүстік және мен ұсынған Парсы шығанағы арқылы өтетін дәліз Қазақстан арқылы өтетін Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік жолының жалғасы болады деп есептеймін. Біздің елдеріміз мұхиттан мұхитқа көліктік, қаржылық және мәдени ағындарды біріктіретін жаңа логистикалық жолдың «түйін нүктелері» серіктесі бола алады деп санаймын. Айтпақшы, халықаралық мультимодальды көліктік-логистикалық хабтарды бірлесіп құру туралы идеялар бар, - деп жазды министр.
Бұдан басқа, Бақыт Сұлтанов әріптесіне қандай тауарларды экспорттауға ұсынатыны туралы айтты.
Сингапурлық министрге Сингапурға экспорттай алатын жалпы құны212,6 млн. долларды құрайтын қазақстандық тауарлардың (азық-түлік өнеркәсібі, металлургия, химия өнеркәсібі өнімдері) 80 тізімін ұсындым. Жалпы, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі алты ай ішінде шетелде 50-ден астам іс-шаралар өткізіп, 114 млрд. теңгеден астам сомаға немесе 270 млн. АҚШ долларына 63 экспорттық келісім-шарттар жасады. Шетелдік әріптестермен болған әрбір кездесуде мен әріптес елдердің нарықтарына жеткізуді арттыру әлеуеті бар қазақстандық өнім тауарларының тізбесін ұсынамын. Осылайша біз «әлем бойынша» экспортымызды арттырамыз деп сенемін, - деді Бақыт Сұлтанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазына іздеушілер ежелгі монеталардың рекордтық қазынасын тапты
Өзгелердің жаңалығы