Қазақстан OPEC келісімінде көшбасшы болады – ұйымның бас хатшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан OPEC (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) қатарына кіретін және кірмейтін елдер арасындағы мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімде жетекші рөл атқарады. Бұл туралы бүгін XII KAZENERGY Еуразиялық форумының пленарлық отырысында осы ұйымның бас хатшысы Мохаммед Баркиндо айтты.



«Біз жаңа ғана Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу өткіздік. Мен оған Қазақстан OPEC құрамына мүше және оған кірмеген елдер арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияда жетекші рөл атқаратындығын айттым», - деді Баркиндо.


Ол бүгінгі таңда 24 мұнай өндіруші мемлекет бұл нарықты тұрақтандырғанын атап өтті. Сондай-ақ OPEC әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде бірлескен қызмет үшін мүмкіндіктер іздейтініне сендірді.

«Соңғы бірнеше айдың ішінде әлемдік мұнай нарығы сауда даулары мен геосаяси дамудың салдарына тап болды», - деп мойындады Баркиндо.  Бұл белгісіздік жақында әлемдегі ең ірі өндіруші Сауд Арабиясында энергия жеткізіліміне жасалған шабуылдармен де күшейе түсті. Нарықтан шамамен 5-7 миллион баррель (мұнай өлшемі) алынды. Осылайша, мұнай бағасы 7 %-ға қымбаттады.  Бұл соңғы 30 жылдағы ең үлкен өзгеріс. Сондай-ақ бір минут ішінде 5-7 миллион баррель жоғалтты, бұл мұнай тарихындағы ең үлкен шығын», - дейді бас хатшы.

Оның пікірінше, корольдік билік пен ұлттық мұнай компаниясының өндірісті қалпына келтіруге жедел ден қоюы «кеңейтілген құбылмалылықты болдырмау үшін» мүмкіндігінше тезірек қимылдағандары өте маңызды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы