Қазақстан нарығын толықтай құс етімен қамтамасыз ете алмай отырмыз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда құс еті бойынша өндіріс ішкі нарық қажеттілігінің 58 пайызын ғана жабады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
Ішкі нарықты толықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Бұл міндет жаңа құс фабрикаларын іске қосу, сондай-ақ, құс фабрикаларының қолданыстағы қуаттылықтарын кеңейту есебінен 2023 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады. Отандық өндіріс есебінен құс еті импорты көлемін қысқарту ел экономикасында жыл сайын шамамен 177 млн АҚШ долларын немесе 77 млрд теңгені сақтап қалуға мүмкіндік береді, олар қазір валюталық түсім түрінде басқа елдерге кетуде. Аталған міндетті орындау үшін жалпы қуаты 285 мың тонна құс етін өндіретін 19 құс фабрикасы, оның ішінде биыл жалпы қуаты 70 мың тонна болатын 6 құс фабрикасы, 2021 – 2023 жылдары жалпы қуаты 215 мың тонна болатын 13 құс фабрикасы іске қосылатын болады, - дейді Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, бұл ішкі нарық қажеттілігін толық көлемде қамтуға мүмкіндік береді.
Аталған 13 инвестициялық жобаны іске асыру үшін қосымша 147 млрд теңге, оның ішінде 69 млрд теңге кредиттік ресурстар қажет етіледі. Жобаларды табысты іске асыру үшін мынадай мәселелерді жедел шешу қажет: инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қаражат бөлу, құс етін өндіруді субсидиялауға және инвестициялық субсидияларға қаражат бөлу, құс еті импортына арналған тарифтік квоталарды бөлу тетігін өңдеуші кәсіпорындардың пайдасына өзгерту, азық өндіру үшін жер бөлу, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Пиала» шайынан есірткі табылды
Өзгелердің жаңалығы