Қазақстан мергендері халықаралық байқауда бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь Республикасының «Брестский» полигонында V  Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауына қызу дайындық жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің сайты.

Жеребе тастау  рәсімі өтті. Қазақстан командасы 20-шы, байқау қожайындары 18-ші, ал ресейлік команда бірінші болып өнер көрсететіні белгілі болды.

арлық қатысушылар қару-жарақ, қажетті керек-жарақ жиынтығын алды және сайысқа дайындықтың шешуші кезеңіне кірісіп кетті. Қазақстандық мергендер қару-жарақтың жиынтықтылығын тексерді, көздеуіш керек-жарақты салыстыра тексерді және оны қалыпты ұрысқа келтіру үшін қаруды атып көрді. Сайысқа қатысу үшін командалар полигонда медициналық жасақ базасында медициналық тексеруден өтті.  Байқаудың барлық кезеңдері барысында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар өткізілді. Байқауға қатысуға 21 елдің өкілдері ниет білдірді. «Мерген шебі» байқауы «Танк биталоны» жарысынан ғана қалыс қалып, армиялық ойныдардың байқаулары арасында аса қызығушылық пен танымалдылыққа ие", - делінген таратылған ақпаратта
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы