Қазақстан мен Қытай коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытайдың медициналық сарапшылары коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасты.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Бейжің университетінің клиникалық ауруханасының сарапшылары мен ҚР денсаулық сақтау органдарының жетекші мамандары арасында онлайн-бейнеконференция өтті. Сарапшылар бейнеконференция барысында COVID-19 індетінің таралуының алдын алу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияны анықтау мен емдеудің тиімді тәсілдерін талқылады, - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Қазақстан мен Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы ынымақтастығын тереңдету мақсатында тараптар өзара ықпалдасуды және онлайн-конференция түрінде келіссөздер жүргізуді одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы