Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 10-шы отырысына қатысты.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.Корей делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гон басқарды. Отырыс аясында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөкеев италиялық "ARM WIND" компаниясымен байланыс орнатты
Келесі жаңалық
Астана Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болды
Өзгелердің жаңалығы