Қазақстан мен Иордания арасында құқық қорғау саласында бірқатар келісім бекітілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс отырысында депутаттар Қазақстан мен Иордания арасындағы өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беруге қатысты бірқатар келісімді бекітті.
«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге 2017 жылғы 1 қарашада Астанада қол қойылған. Қазақстан мен Иордания ынтымақтастығының деңгейі аса жоғары. Қазір қорғаныс өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларында белсенді өзара әрекеттестік орнаған. Аталған келісім стандартты саналады. Осындай келісімшарт 25 мемлекетпен бекітілген. Қазір сондай келісімшартты Куба, Грекия және Македониямен бекіту мәселесі қаралып жатыр. Бұл келісім күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізуді қарастырады. Келісіммен құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тәртіптері және бұл көмектен бас тарту негіздері анықталған», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин.Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.
Бұған қоса, мәжілісмендер «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы мен «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түрік инвесторлары Қазақстанда жаңа зауыт салады
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы